• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Пікір 31 Мамыр, 2025

Бірлесуге бет бұрған бауырлас елдер

70 рет
көрсетілді

Бүгінде Орталық Азия – расында, саяси мүдделердің тоғысында тұр. Осы ретте аймақтағы елдер бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істей алатыны байқалады.

Мұның бір мысалы Қырғыз елі мен Тәжікстан шекара мәселесін бейбіт келісіп, өзара шешті. Бұл келісімге көрші елдермен қатар халықаралық ұйымдар да өз үлесін қосты. Десек те, екі президент сая­си шешім қабылдады. Осыған қарап, сая­­си жақсы динамиканы көруге болады. Осы игі іс өзге елдің басшыларына да үлгі бол­са жақсы. Әйткенмен, қазір әлемде бір-біріне деген сенім тым азайып кетті. Се­нім­діліктің жоқтығы көп мәселені туындатады.

Мұндағы елдер бір-біріне бауырлас, туыс. Сол себепті аймақтағы тұрақтылық ма­ңыз­ды мәселе екені мәлім. Кез келген сын-қатерді ынтымақтастықпен жеңуге болады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Орталық Азия елдерінің қарым-қатынасының әлі де жақ­сарып, нығая беретініне сенімді. Өйт­кені өңір­де туыстас, салты мен дәстүрі, тілі мен ті­легі жақын елдер өмір сүріп отыр. Сол тату­лықты нығайтуға үлкен үлесін қосып отырған Астана халықаралық форумын өткізіп отырған Қазақстанға алғысымыз шексіз.

 

Каха Имнадзе,

БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығының басшысы