Жетісу облысында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс бойынша 9 адам айыпталып отыр. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай Шерзат Полат өліміне күдіктілерге келесі мерзімдерді беруді сұрады:
Абзал Шынасылға – 23 жыл; Равиль Сакиевке – 20 жыл; Шыңғыс Белғожаевқа – 7 жыл; Дархан Аскентайға – 7 жыл; Нұрқияс Ілиясовқа – 9 жыл; Нұрбол Тоқтаубаевқа – 7 жыл; Азамат Тоқтаубаевқа – 15 жыл; Дидар Қалиахметке – 7 жыл; Дидар Ысқаққа (кәмелетке толмаған) – 1 жыл 6 ай.Айыптаушы тарап барлық сотталушыға қатысты ең жоғары жаза тағайындауды сұрап отыр.