• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Медицина 03 Маусым, 2025

Жетісуда жедел-жәрдем көлігі аударылды

40 рет
көрсетілді

Жетісу облысы, Текелі қаласында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, төрт адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің үшеуі ауруханаға жатқызылып, біреуі үйіне жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 2 маусым күні сағат 22:05 шамасында Әуезов пен Гагарин көшелерінің қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігі мен Jac маркалы автокөлік соқтығысқан. Оқиға сәті бейнебақылауға түсіп қалған – видеодан жедел жәрдем жүргізушісінің бағдаршамның қызыл жарығына өткенін көруге болады. Көлік жыпылықтайтын маяктармен қозғалып келе жатқан.

«Қалалық ауруханаға апаттан кейін төрт адам жеткізілді. Бір жәбірленуші амбулаториялық емдеуге жіберілді, үшеуі хирургиялық бөлімге жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр»,  деп хабарлады Жетісу облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Қазіргі уақытта жол апатының себептері мен мән-жайы анықталуда.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті