• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2025

Алаш арыстарының шырақшысы

60 рет
көрсетілді

Арқаның шежіреші ақсақалы, белгілі өлкетанушы, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы, Мәдениет саласының үздігі Тұңғышбай Мұқан оқырманына «Үш арыстың ауылынанбыз» атты жаңа кітабын таныс­тырды. Бұл кітаптың жарық көруіне Ақтоғайдың азаматтары демеушілік көрсетіпті.

Тұңғышбай Мұ­қан – Ақтоғай ауда­нын­дағы мәдениет пен өнер саласының дамуына зор үлес қосқан тұлға. Зейнетке шыққаннан кейін өңір тарихын түгендеп, өлке­тану бағытында бірнеше кітапты жарыққа шығарды. Ақтоғайдың энциклопедиясын да жасауға еселі еңбегін қосты.

Жаңа жинақта қаншама жыл жасаған зерттеулер мен ізденістері бар. Кешті Мәде­ниет саласының үздігі Нұрлан Күлшікенов тізгіндеді.

Кітаптың тұсаукесеріне Мәжіліс депутаты Құдайберген Бек­сұлтанов, әскери қай­раткер, запас­тағы полковник Амангелді Жантасов арнайы қатысып, лебіздерін білдірді. Құдай­берген Бексұлтанов Тұңғышбай Мұқанға күміс­пен күптелген қамшы сыйлады.

–  Біз Тұңғышбай ақсақал­ды ерекше құрметтейміз. Ол әлі күнге дейін елі үшін аянбай еңбектеніп жүр. Әсіресе жас ұрпаққа қажетті қастерлі то­­пырағының тарихын ла­йықты төріне шығара білді. Сізді облыстық мәслихаттың депутаты болып жүрген кезден танимын. Әр істе ұлт­тың игілігін ойлап тұрасыз. Со­ныңыз тізгін ұстаған аза­мат­тарға үлгі болса екен, – деді Құдайберген Бексұлтанов.

Облыстық мәдениет, ар­хивтер және құжаттама бас­қармасының басшысы Ға­лым­жан Өтелбайұлының құт­тықтау хаты оқылды. Бас­қарма басшысы Тұңғышбай Мұқан шығармашылығы ұрпақ үшін құнды мұра болатынына сенім білдірген.

Кеште Тұңғышбай Мұ­қанның Сүйіндік Жанысбай, Оралбек Жүнісұлы секілді бел­гілі қаламдастары да төбе көр­сетті. Кеш соңында әйгілі «То­қырауын толқындарының» өнер­паздары әннен шашу шашты.

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар