• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп 04 Маусым, 2025

Қазақстанда кімдерге рақымшылық беріледі

90 рет
көрсетілді

ҚР Парламентінің Мәжілісі Ата Заңның 30 жылдығына орай сотталғандардың белгілі бір санатына рақымшылық жасау туралы заң жобасын қабылдады. Бұл заң сотталған азаматтардың белгілі бір санатына жазаны жеңілдетуге немесе толығымен босатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның айтуынша, бастаманың мақсаты — қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға гуманизм көрсету.

Депутат рақымшылықтың ең алдымен осал топтарға бағытталатынын түсіндірді. Оның ішінде зейнеткерлерге, кәмелетке толмағандарға, балаларды жалғыз тәрбиелеп отырған әйелдер мен ер адамдарға және басқа да ерекше жағдайдағы азаматтарға жасалады. 

Экономикалық қылмыс жасағандарға қатысты жағдай да қарастырылған. Егер қылмыс салдарынан келтірілген залал толығымен өтелсе, ұрлық пен алаяқтық сияқты істер бойынша да рақымшылық жасалуы мүмкін.

Заң жобасын Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Снежанна Имашева да қолдады. Оның айтуынша, бұл — қылмыстық саясатты ізгілендіру және рақымшылықты кеңінен қолдану арқылы қоғамдағы оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған қадам.

2025 жылдың қаңтарында депутат Қарақат Әбден сотталған әйелдерге рақымшылық жасау ұсынысын берген еді. Бұл бастама Ішкі істер министрлігінің қолдауына ие болды. Министрлік мәліметінше, Қазақстанда қазір қылмыс жасаған көптеген әйелдер жазасын өтеп жатыр және олардың көпшілігі осы жаңа заң аясында рақымшылыққа ілігуі ықтимал.

Депутаттардың пікірінше осы заң жобасының қабылдануы сотталғандардың өміріне оң әсер етіп қана қоймай, олардың қоғамға қайта бейімделіп, әлеуметтік белсенді азаматқа айналуына мүмкіндік береді.

Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар