• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Маусым, 2025

Геологиялық мәліметтердің электрондық каталогы жасақталды

80 рет
көрсетілді

Astana Mining & Metallurgy-дің 15-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті ERG компаниясы цифрландырған тарихи геологиялық есептердің электрондық каталогын тұрақты пайдалануға қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Электрондық каталог құрамына 1934 жылдан бергі Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы 898 геологиялық есеп енгізілген. Бұл құжаттар цифрландырылып, географиялық байланыс пен ыңғайлы іздеу жүйесі арқылы толықтырылды, бұл өз кезегінде олардың талдауын және практикалық қолданылуын едәуір жеңілдетеді. Каталогта векторлық геологиялық карталар да бар, оларды заманауи геоақпараттық жүйелерде тиімді пайдалануға болады.

«Аталған архивті тапсыру — ERG компаниясының елдегі саланы цифрландыруға қосқан үлесі. Енді геологиялық мәліметтер мемлекетке, ғылымға және барлық мүдделі тараптарға қолжетімді. Бұл жобаны табысты әріптестіктің үлгісі деп бағалаймыз және болашақта да ынтымақтастыққа ашықпыз», деді ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров.

Каталог геологиялық барлау сапасын арттыруға, жер қойнауын пайдалануда негізделген шешімдер қабылдауға, білім беру мен ғылыми жобаларды қолдауға және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.

 

Соңғы жаңалықтар