• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Кәсіпкер Кеше

Баянды бағдарлама

60 рет
көрсетілді

Бидайық ауылының тұрғыны Ғалия Отарбаева біраз уақыт бұрын «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 9 300 000 теңге жеңілдетілген несие рәсім­деп, оған 30 бас ірі қара мал мен 10 тон­­на шөп азығын сатып алды. Сиыр сауу­ға арнал­ған аппаратты алуға жеке қаржысын жұм­саған. Осы­лай­ша, тиімді мемлекеттік қол­­дау нәти­­же­сінде берекелі кәсіпке белсе­не кіріс­кен еді.

Сатып алған ірі қара биыл екінші жыл бұзау­­­ла­ды. Таңғы және кешкі алтыда 30 сиыр­ды са­уып, сүт өнімдерін дайын­дайды. Сүтін тартып, қай­­мағын алып, ма­йын шайқап, саудаға шы­ға­­рады. Шыққан көк сүтінен ақ ірімшік, сары ірімшік жасап, құрт қайнатады. Сарымайдың килосы 6–6,5 мың теңге болса, сүттің бір литрінің бағасы 180–200 теңге аралығында.

Ғалияның үйі Қызылорда – Павлодар тас­­жолының ір­ге­­­сін­де орналасқан. Бұл да сауданың сәтті жүруі­не се­беп­ші. Дәмін татып, қызы­ғушы­лығы артып, тұрақ­ты клиен­ті­­не айналған тұтыну­шы­­­лар қаншама.

Отбасының ұйыт­­­қы­­сы болып отырған Ғалия Амантай­қызы біз­бен әңгімесінде «Ерін­бей еңбек еткен адамға ғана құт қонып, ырысы артады» деді. Төрт бала өсірген ана ұлын ұяға, қызын қияға қондырған. Олардан тараған сегіз немересі бар. Қолындағы ұлы мен келіні кәсібіне қолғабыс етеді. Кәсіп иесінің жоспары да ауқымды. Алдағы уақыт­­­та мал басын арттырып, шар­уа­­­шылық аясын кеңейт­­­­­сем деген ниеті бар.

 

Ұлытау облысы,

Жаңаарқа ауданы

Соңғы жаңалықтар