4 маусым күні Абай қаласындағы №3 шағынауданда 1974 жылы туған әйел тереңдігі 3 метр ашық құдыққа түсіп кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Оқыс оқиғаға тап болған әйел құдықтан өз бетінше шыға алмаған. ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел келіп, баспалдақ орнатып, құлаған әйелді жоғарыға шығарған.
Құтқарушылар зардап шеккен әйелді жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырған. Алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау үшін құдықтың қақпағы бекітілген.