• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Астанада LRT жолдарының жартысы төселді

70 рет
көрсетілді

Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) үшін 11 шақырым рельс төселді – бұл эстакадалық жолдың жартысы, деп хабарлады  Egemen.kz City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«Жұмыстар кесте бойынша «Нұрлы Жол» вокзалы, әуежай, Министрліктер үйі мен бас мешіт маңында жүргізіліп жатыр. Барлық учаскелерде рельстер мен шпалдар орнатылып, станциялар, электрмен жабдықтау жүйелері дайындалды», деп мәлімдеді компания.

Жобаға қаржы мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ сыртқы қарыз және облигациялық қаражаттар есебінен бөлінген. Құрылысты жүзеге асыруға қытайлық China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясы тартылған.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар