• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Өскемендегі кәсіпорындар экологиялық меморандумға қол қойды

50 рет
көрсетілді

5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күніне орай Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Өскемен қаласының ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары арасында қолайсыз метеожағдайлар (НМУ) мен экологиялық төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған құжатқа келесі кәсіпорындар қол қойды: «Казцинк» ЖШС, «ТМК» АҚ, «УМЗ» АҚ, «Востокмашзавод», Өскемен май зауыты, сондай-ақ барлық жылу энергетика нысандары – Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, «Шығыс жылу» АҚ.

Меморандум аясында тараптар шығарындыларды азайту, мониторинг жүргізу, ақпарат алмасу және алдын алу шараларын іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге міндеттелді.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар