• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әскер Бүгін, 12:10

Елімізде 1000-нан астам сарбаз грант иегері атанды: Толық тізім жарияланды

40 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іріктеу «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы жүргізілді. Нәтижесінде 2026 жылғы сәуірде запасқа шығарылған 1000-нан астам азамат жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Гранттық қаржыландыру: Сан сапаға қашан айналады?

2023 жылы іске қосылып, заңнамалық тұрғыда бекітілген жоба ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша түсуге мүмкіндік береді. Жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Үздік сарбаздарға білім гранттары берілді

Гранттардың бөлінуі:▪️ Қорғаныс министрлігі – 492▪️ Ұлттық ұлан – 493▪️ ҰҚК Шекара қызметі – 112▪️ ТЖМ – 28▪️ Мемлекеттік күзет қызметі – 29

«Сарбаз 2.0» – жастар үшін білім алуға және кәсіби дамуға жол ашатын тиімді әлеуметтік мүмкіндік.

Грант иегерлерінің толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Соңғы жаңалықтар