• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Шерзат ісі: Кінәлілерге ауыр жаза тағайындалды

220 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шерзат Полатты өлтіру, Нұрғанат Гаипбаевты өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және жасалған қылмыс туралы хабарламау айыптары бойынша 9 адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, сотталушыларды тағылған айыптардың барлық баптары бойынша кінәлі деп танып, оларға келесі жазаларды тағайындады.

Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс,  ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру.Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру.Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауыр қылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп – 15 жыл бас бостандығынан айыру.Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғы соттылығы және ол бойынша өтелмеген жазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру.Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру.Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар келтірілген моральдық шығынның есебіне Шынасылдан 60 млн. теңге, Сакиевтен – 30 млн. теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 млн. теңге өндіріледі. Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

Соңғы жаңалықтар