Бүгін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша үкім жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Сот Ш.Полатты өлтіру, Н.Гаипбаевты өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және жасалған қылмыс туралы хабарламау айыптары бойынша 9 адамға қатысты, сондай-ақ оқиға күні 9 адаммен бірге болған, сотта куәлік еткен Д. Жақсыгелді, Э.Нұрбекованың кінәсінің бар-жоғын қосымша қарастыруға үкім шығарды.
«Сот прокурордың атына жекеше қаулы шығарды, яғни куәлер Д. Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенова, Ю. Рузбакиевалардың әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкіндігіне назар аудартылған», делінген Жоғарғы Сот хабарламасында.
Айта кетейік, сот кінәлілерге ауыр жаза тағайындады.