• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2025

СҚО аумағына 4 млрд текше метрден астам су жіберілді

130 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының экожүйесін сақтау үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Есіл өзеніне СҚО аумағындағы Сергеев су қоймасынан 4 млрд текше метрден астам су жіберді, деп жазады Egemen.kz.

Еске салайық, санитарлық және табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер жыл сайын жүргізіледі.

Бұл – Есіл өзенінің аңғарындағы флора мен фаунаның тіршілік ортасын және биологиялық әралуандықты сақтауды көздейді және су ағызулар өзен арнасын тазартуға  септеседі.

Есіл бассейндік инспекциясының басшысы Ғалидолла Азидуллиннің айтуынша бүгінде Есілдің орта ағысында балықтардың табиғи уылдырық шашатын жерлері суға толып тұр.

«Табиғатты қорғау мақсатындағы су жіберулер – экологияны сақтауға, өңірдегі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығының дамуына көмектеседі. Ал бұл өз кезегінде жергілікті халықтың тұрмысын жақсартуға оң әсер етеді», деді Ғ.Азидуллин.