• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 09:56

Астана су қоймасы 55 жылда алғаш рет тазартылып жатыр

10 рет
көрсетілді

1970 жылы пайдалануға берілген Астана су қоймасының түбін шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.

Аталған су қоймасынан биылғы қазан айының соңына дейін 50 мың тонна лай шығару жоспарланған, мұндай жұмыс – 13 жыл бойы, әр жыл сайын жүргізілмек. Нәтижесінде су қойманың сыйымдылығы 47 млн текше метрге артып, елорда тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.

Сала министрлігінің қолдауымен «Қазсушардың» Ақмола облысындағы филиалы жүргізіп жатқан су қоймасын тазартуға арнайы екі техника жұмылдырылған: сағатына 2000 текше метрге дейін түрлі шөгінділерден тазартатын үлкен жерснаряд және қуаты сағатына 900 текше метрге дейін жететін көпфункционалды әрі өздігінен жүретін шағын жерснаряд.

«Президенттің тапсырмасын орындау үшін арнайы мамандар тобы құрылды. Барлық қызметкер арнайы техникамен жұмыс істеу үшін қажетті оқытудан және дайындықтан өтті. Астана су қоймасы – елорданы сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын стратегиялық нысан. Заманауи техниканың арқасында біз бұл су қоймасын жарты ғасырдан кейін алғаш рет тазартып, жұмысты жақсы әрі тиімді атқара аламыз», деді сала министрі Нұржан Нұржігітов.