• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Денсаулық Бүгін, 15:20

Мейіргер ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалды

20 рет
көрсетілді

Орал – Шарм-эль-Шейх рейсінде ұшақ жолаушыларының бірі кенеттен қан қысымы күрт төмендеп, есінен танып, құса бастаған мезетте жәрдемге мейіргер Динара Сариева келген, деп жазады Egemen.kz. 

Д.Сариева жылдам әрекет етіп, бір сағат бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіп, ұшақ қонғанға дейін пациенттің жанында болып, ресурстар шектеулі болған кезде, бортсеріктермен бірге жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін ер адамның жағдайын тұрақтандыра алған.

«Бортсеріктер мен мейіргер Динара Сариева оның өмірін сақтап қалды», дейді жолаушының әйелі.

Орал қаласының №5 емханасының кеңейтілген практика мейіргері Динара Сариева – күн сайын емханада пациенттерді дербес қабылдауды жүргізеді, медициналық көмек көрсетеді, алғы шепте жұмыс істейді.