Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданы — соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан жаңа тұрғын үй кешені. Алайда дәл осы жаңа ықшам ауданның іргесінде орналасқан заңсыз қоқыс полигоны экологиялық ахуалды күрделендіріп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Тұрғындардың айтуынша, аталған аймаққа құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыстар төгілген. Тіпті арнайы көліктермен әкеліп төгіп кеткені байқалады. Қоқыс үйіндісінің арғы жағында – Семей орманы мемлекеттік табиғи байлығы тиіп тұр. Бұл – еліміздегі аса маңызды экологиялық орын. Ал дәл іргесіндегі бұл тұрмыстық қалдықтар табиғи ортаға ғана емес, адам денсаулығына да зиян екені сөзсіз.
Ең алаңдатарлығы — қоқыс маңында балалар еркін ойнап жүрсе, қоқыс арасында бұралқы иттер қаптап жүргенін өз көзімізбен көрдік.
Алайда өткен сәуір айында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы Экология департаментінің басшысы Серік Сарбасов қоқыс тастайтын заңсыз орындар жойылды деп мәлімдегені есімізде.
– Өткен жылы өңір аумағында 266 заңсыз қоқыс орны тіркелді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 24%-ға аз. Қазір «Ғарыш Сапары» порталында тіркелген барлық заңсыз қоқыс орындары толығымен жойылды, – деген еді Серік Сарбасов.
Ресми мәліметке сүйенсек, мұндай заңсыз қоқыс тастайтын орындар жойылған, алайда Қарағайлы маңындағы бұл полигон сол тізімге ілінбеген немесе кейін пайда болған.
Қалайда бұл «мен саған примерно дедім ғой» деген трентегі ысқақтың кебін киіп тұр.
Абай облысы