• RUB:
    6.44
  • USD:
    508.5
  • EUR:
    580.66
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 15:40

Өткен аптадағы спорттық жетістіктер

10 рет
көрсетілді

Қазақстан спортшылары өткен аптада спорттық гимнастика, жеңіл атлетика және теннис ойындары бойынша жарқын жеңістерге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Спорттық гимнастика: Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы үш – алтын, екі – күміс, екі – қола, барлығы жеті жүлде жеңіп алды.

Жеңіл атлетика: Грекияның Ханья қаласында халықаралық турнирде биіктікке секіруден ұлттық құрама мүшесі Кристина Овчинникова 190 сантиметрді бағындырып, алтыннан алқа тақты.

Теннис: Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатының финалисі атанды. Бұл – ол үшін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші финал.