Аустрияның Грац қаласындағы мектепте болған атыс салдарынан кемінде 8 адам қаза тауып, 10-нан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Kronen Zeitung агенттігіне сілтеме жасап.
Жергілікті полиция қызметкерлерінің айтуынша, мектеп оқушыларының бірі атысқа күдікті ретінде танылып отыр. Оның шабуылдан кейін өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екені хабарланды.
Kronen Zeitung басылымының дерегінше, күдіктінің мәйіті мектептегі дәретханалардың бірінен табылған.
Қайғылы оқиға кезінде күдікті екі сыныпқа оқ атқан. Полиция BORG мектебі маңында арнайы операция жүргізіліп жатқанын растады.