• RUB:
    6.44
  • USD:
    511.92
  • EUR:
    588.91
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 12 Маусым, 2025

Ең үлкен жүрек

20 рет
көрсетілді

Жер бетіндегі ең ірі жануарлар­дың бірі – көк кит. Оның жүрегі 600 килодан асады. Көлемі шамамен жеңіл көлік­тей. Бұл адамның жүрегінен шамамен 1000 есе ауыр.

Ең таңқаларлығы, бұл алып жүректің соғысын су астында 3 шақырым жерден естуге болады. Су бетіне шыққанда жүрек соғысы минутына 8-12 рет, тереңге сүңгіген уақытта 2-3 ретке дейін баяулайды. Көк киттің жүрегі секунд сайын 220 литрге дейін қан айдай алады, бұл үлкен автокөліктің қозғалтқышынан әлдеқайда мықты жүйе.

 

Дайындаған –

Зере ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті

Соңғы жаңалықтар