Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың шешімімен Жезқазған қаласындағы №26 мектеп-гимназия, Сәтбаев қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясы және Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназия еліміздегі «Үздік 100 мектеп» қатарына еніп, «Үздік мектеп – 2025» мәртебесіне ие болды.
Мұндай марапатқа қол жеткізген аталған білім ұйымдары жүйелі жұмыс жүргізіп, білім сапасын арттырып, жаңашыл бастамалар мен заманауи әдістерді тиімді енгізген. Бір жағынан, бұған педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігі мен оқушылардың оқу жетістіктері, тәрбиелік бағыттағы жобалардың мазмұны да тікелей әсер етіп отыр. Қысқасы, «Үздік мектеп – 2025» мәртебесі – білім сапасына қойылатын талаптардың орындалып, оқу үдерісінің инновациялық тәсілдермен ұйымдастырылғанын нақты нәтижемен көрсетті.
Ұлытау облысы