• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Марлон Веласко «Қайраттан» кетті

40 рет
көрсетілді

Екі жақты келісімшарттың аяқталуына байланысты Алматының «Қайрат» футзал клубының бас бапкері Марлон Веласко өз қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

38 жастағы испаниялық маман «Қайраттың» тізгінін 2023 жылы ұстады. Оның басшылығымен аталған клуб Қазақстан Суперкубогын екі рет олжалап, ел кубогінде дара шықты. Португалияда өткен «Masters Cup» турнирінде топ жарып, УЕФА Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері атанды. Команданың басшылығы Марлон Веласкоға рахмет айтып, алдағы күндері де еңбегінің жемісті болуына тілектестік білдірді.

Кейбір дереккөздеріне сенсек, енді алматылық клубтың бас бапкерлік қызметін осы команданың спорттық директоры Густаво Парадеда атқарады. 46 жастағы Бразилияның  футзалшысы 2004-2009 жылдары «Қайраттың» сапында ойнады. Кейіннен Ресей азаматтығын алып, алты жыл сол елдің туы астында өнер көрсетті. Спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін «Ростов», «Норильский Никель» және «Қайратта» жаттықтырушы қызметін атқарды.