• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

23 семсерші Азия бәсекесіне барады

70 рет
көрсетілді

Семсерлесуден Азия чемпионаты – Индонезияның Бали аралында өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары ерлер және әйелдер арасында қылышпен, шпага және рапирамен сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ерлер арасындағы қылышпен Бақдәулет Құралбекұлы, Назарбай Саттархан, Артём Саркисян, Жанат Нәбиев ел намысын қорғаса, әйелдер арасында аталған сайыста Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Татьяна Приходькоға сенім артылып отыр.

Ал ерлер арасындағы шпагада Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов жарыс жолына шықса, әйелдерде София Николайчук, Владислава Андреева, Виктория Қайдарова, Каролина Фомина жүлдені сарапқа салады.

Сондай-ақ рапирада ерлер мен әйелдер арасында Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, Темірлан Қалиев, София Ақтаева, Күлжан Түсіпбекова, Алена Гноева сияқты спортшылар бақ сынайды.

Мамандар құрлықтық додада Қазақстан семсершілерінің басты қарсыласы ретінде Жапония, Гонконг, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қытай, Сауд Арабиясы, Вьетнам, Филиппин спортшыларын атап отыр.

Айта кетелік, аталған Азия додасы осы айдың 17-22 күндері өтеді.