Бішкекте Қамшыбек Тәшиевке қатысты алдын ала сот тыңдаулары басталды. Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы билікті күшпен басып алуға дайындалды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Іс құпия режимге өткендіктен сот процесіне журналистер мен айыпталушының туыстары кіргізілмеген.
Бұған дейін адвокат Икрамидин Айтқұлов Қамшыбек Тәшиевке Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «Билікті күшпен басып алу немесе ұстап тұру, сондай-ақ конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер» және «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» баптары бойынша айып тағылғанын мәлімдеген.
Тәшиевпен бірге Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Құрманқұл Зұлушев пен экс-спикер Нұрланбек Тұрғынбекұлы да осы іс бойынша фигурант ретінде аталып отыр. Алайда олардың іс бойынша нақты мәртебесі әзірге белгісіз.
Бұған дейін атап өткендей, Қырғызстан медиасы бұл тергеуді «75 адамның хаты» деген оқиғамен байланыстырып отыр. Ақпанда 75 азамат президент Садыр Жапаров пен парламент спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлына ашық үндеу жолдап, елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді талап еткен.
Осыдан кейін, 10 ақпанда Садыр Жапаров өзінің ұзақ жылдар бойғы серіктесі болған Қамшыбек Тәшиевті қызметінен босатты.