• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан Кеше

ТМД Экономикалық сотының төрағалығына Герман Нұрбаев сайланды

50 рет
көрсетілді

ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Минскіде (Беларусь) ТМД Экономикалық соты Пленумының жұмысына қатысты. Қатысушылар арасында мүше мемлекеттердің жоғары сот органдарының өкілдері мен ТМД ЭС судьялары болды, кездесу барысында А.Мерғалиев ТМД ЭС-ның Құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның сот жүйесі үшін маңызды оқиға және Пленум отырысының негізгі мәселесі ҚР Жоғарғы Сотының және ТМД Экономикалық сотының судьясы Герман Нұрбаевтың ТМД Экономикалық сотының төрағасы болып сайлануы болды.

Пленум мүшелері Ғ.Нұрбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, оның жоғары кәсібилігі және заң саласындағы көп жылдық тәжірибесі аталып өтті. Қазақстан өкілінің ТМД Экономикалық Сотындағы төрағалығы отандық сот жүйесінің жаңа тарихының жаңа тарауын ашады және еліміздің ТМД құқықтық институттарын дамытудағы рөлінің артып келе жатқанының айғағы.

ТМД ЭС төрағасының орынбасары болып қырғызстандық Айбек Давлетов сайланды.

«Экономикалық сот – ТМД-ның жарғылық органы, өз қызметін ad hoc форматында нақты істерді қарау бойынша жүзеге асыратын тұрақты жұмыс істейтін халықаралық сот органы.

Сот ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өздерінің экономикалық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуге шақырылған және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы дауларды қарау және Достастықтың халықаралық құқықтық актілерін түсіндіру құзыретіне ие», деп хабарланған Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінен.