• RUB:
    6.52
  • USD:
    512.44
  • EUR:
    593.15
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 17:50

Елімізде дәрігерлерді қорғайтын тұжырымдама әзірленеді

30 рет
көрсетілді

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсету жағдайларын болдырмауға арналған ортақ тұжырымдаманы – Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірлейді. Тұжырымдама – медициналық мекеменің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін медициналық көмектің түрі-деңгейі мен пациенттердің ағынына қарай әзірленетін болады, деп жазады Egemen.kz.

Қарағандыда пациенттің туысы тарапынан шабуылға ұшыраған балалар дәрігерлеріне барған сапарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова:

«Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрбір адам заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс. Ешбір жағдай мұндай әрекетті ақтай алмайды. Әрбір дәрігер, фельдшер, мейіргер – біз үшін қымбат. Біз – біртұтас командамыз. Әрбір маман өзін қауіпсіз сезінуі тиіс», деген болатын.

Айта кетсек, соңғы 5 жылдың ішінде медицина қызметкерлеріне қарсы 160-қа жуық шабуыл тіркеліп, салдарларынан дәрігерлер түрлі деңгейде жарақаттар алған.