• RUB:
    6.58
  • USD:
    517.45
  • EUR:
    598.59
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:03

Шығыс Еуропадан Алтайға дейін

10 рет
көрсетілді

Нью-Йорк университетінің зерт­теушілері неандерталь адамдардың 120 мың жылдан 60 мың жылға дейінгі аралықта Шығыс Еуропадан Алтайға дейін қоныс аудару жолдарын компьютерлік модельдеу арқылы анықтады.

Ғалымдар сол дәуірдегі жер бедері, өзен аңғарлары, мұздықтар мен климат жағдайларын ескере отырып, 3 250 шақырымдай жолды 2000 жыл ішінде жүріп өту мүмкіндігін есептеген. Модельге сәйкес, неандертальдар солтүстік бағытпен Орал мен оңтүстік Сібір арқылы өзен бо­йы­мен жүрген. Бұл жолдар сол кезеңдегі археологиялық ескерткіштермен сәйкес келеді.