• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Цифрлық даму: Әділет министрлігі құқық саласында жаңашыл жобаларды іске асыруда

20 рет
көрсетілді

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында вице-министр цифрландыру министрлік қызметінің негізгі бағыттарын қамтитынын және қазірдің өзінде нақты нәтижелер көрсетіп жатқан жоба екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Сонымен қатар Әділет министрлігі елдің құқықтық жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған ауқымды цифрлық трансформацияны белсенді түрде жүзеге асыруда. Негізгі цифрлық бастамалар барлық салаларды нормашығарудан бастап нотариат пен атқарушылық іс жүргізуге дейін қамтиды. Солардың ішінде нормашығару процесі цифрлық форматқа көшу, құқық саласында жасанды интеллектті енгізу, атқарушылық іс жүргізуді автоматтандыру, кепілдендірілген заң көмегі, сот сараптамасын цифрландыру – «E-Сараптама» жобасы және екі ЖИ-модуль әзірлеуге тоқталып өтті.

Әділет министрлігі халықтың сұраныстарына жедел және тиімді жауап беру мақсатында жаңа стандарттарды енгізіп, құқықтық қызметтерді қолжетімді, әділ және заманауи ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Бұл трансформация — Қазақстанда құқықтық мемлекет қалыптастыру мен азаматтардың өмір сапасын жақсартуға қосылған үлес екенін сенімді түрде айтуға болады.