• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Өндіріс Бүгін, 10:10

«Qarmet»-тің цифрлық жүйесі

10 рет
көрсетілді

«Qarmet» компаниясы «Алтын Гефест 2025» ұлттық ­бай­қауында ерек­ше цифр­­­­лық жобалары үшін «Тау-кен металлургия кешеніндегі ең үздік digital-шешім» арнайы аталымында жеңімпаз атан­ды. Ком­­­панияның Көмір депар­­­таменті Диспетчерлік-­тал­дау ор­­­та­­лығын және елі­міз­де баламасы жоқ – персонал мен техника по­зи­­­циясын анық­­тайтын бірікті­ріл­ген жүйені әзірлеп, іске қос­­қан.

Әр шахтермен жеке байланыс жүйесі орнайды

Орталық 2024 жылғы тамыз­да Қарағанды қаласында іске қосыл­­ған және қазірдің өзінде нақты нәти­же­лер көрсетіп отыр. Шахталарда газ деңгейінің көтерілуіне байланысты болатын төтенше жағдайлар саны 43,8%-ға азайған. Жоба – «Qarmet» компаниясының кең көлемді цифр­ландыру бағдарламасының бір бө­лігі және отандық DMMS өндіріс­тік басқару платформасы негізін­де жұмыс істейді. Жобаның негізгі мақсаты – өндірістік қауіпсіздік деңгейін арттыру және барлық 8 шахтада басқаруды жақсарту. «Qarmet» АҚ Тұрақты даму жөнін­дегі басқарушы директоры Ербол Исмаиловтың айтуынша, жерасты позициялау жүйесі қазірдің өзінде ­4 шахтада енгізілген, жыл соңына ­д­ейін барлық шахтада жұмыс істейді.

«Бұл жүйе бізге әр шахтердің қай жерде екенін, оның жағдайын, жұмыс орнындағы ауа мен желдетудің жай-күйін бақылауға мүмкіндік береді. Біз жер астындағы әр қызметкермен байланысқа шыға аламыз», дейді Е.Исмаилов.

 

Өндірісті цифрландырудың пайдасы неде?

Көмір департаментінің бас энер­гетигі Юрий Барковскийдің ­айтуынша, кен орындарына жары­лыс­қа төзімді бейнебақылау жүйесі орнатылған.

«Ол газды ортада да жұмыс іс­тей­ді. Камералар байланысқа қосыл­ған сәттен соңғы минутқа дейін көр­се­теді. Онда қуаттаушы стансалар бар. Мұнымен қоса, шахталарға кіру тур­никеті мен автоматтандырыл­ған ме­дициналық қондырғылар орнатылған. Олар кеншінің ден­саулығын бірден тексереді. Талапқа сәйкес келмеген жағдайда жер астында жұмыс істеуіне шектеу қойылады. Арнайы терминалдар кеншілер­дің қауіпсіздік туралы білімін жетіл­діруін қамтамасыз етеді. Олар сынақ тапсырып, нәтижелерін дереу көреді», дейді.

 

«Alarmphone» ахуалды түзейді

Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қара­ған­ды­ға сапарында «Qarmet»-тің дис­пет­чер­лік-талдау орталығын аралап көр­ді. Президент шахтерлердің өндіріс­тегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қабылданған тың шаралармен танысты. Мемлекет басшысы «Саран» шахтасында, 620 метр тереңдікте жұмыс істеп жатқан кен­ші­лермен бейнебайланыс арқылы сөй­лесті. Кәсіпорын жұмысшыларды жаңа «alarmphone» құрылғысымен жабдықтаған. Қорғаныс деңгейі аса жоғары гаджетте қызметкермен жедел байланысуға арналған смартфон функциясы бар.

 

Қарағанды облысы