• RUB:
    6.63
  • USD:
    518.81
  • EUR:
    596.27
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:05

Ақтауда биыл 20 шақырым жылу желісі жаңартылады

10 рет
көрсетілді

2025 жылдың ішінде 10 шақырым магистральдық және 10,2 шақырым ауданішілік жылу желілері ауыстырылады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оның айтуынша, Ақтау қаласының жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр – бұл жұмыстардың нәтижесінде олардың тозу деңгейі 79%-дан 75%-ға дейін төмендейді.

«Ақтау қаласында 1-6 ықшамаудан (115,3 км) және 7-24 ықшамаудандар (118 км) жылу желілерін қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жобаның кешенді сараптамасының қорытындысы биылғы жылдың екінші жартыжылдығында алынады. Қуаттылығы 360 Гкал/сағ жаңа орталық қазандық салу жоспарланып жатыр. Бұл жұмыстар қаланың жаңа шағынаудандарын сапалы жылумен қамту мәселесін түпкілікті шешу мақсатында жүргізіледі. Жобаның мемлекеттік сараптамасы мақұлданды. Биыл қазандық құрылысын бастау жоспарланып жатыр», деді Бердібек Қартбаев.

Бұл шаралар ақтаулықтарды күзгі-қысқы кезеңде үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.