• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Табиғат Кеше

Таза сана – жарқын болашақ

20 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл ауданында орналасқан Еңбек ауылы аймақта «ішімдіктен бас тартқан» 18 ауыл болып жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл Президенттің «Заң және тәртіп» қағидатын қолдаудың көрінісі. Ауылдықтар басқа елдімекендерді де өздеріне қосылуға шақырып, челлендж бастады. Олардың ұраны: «Таза сана-жарқын болашақ!» деп аталды.

Бұл бастама Есіл ауданында бұрыннан жүріп жатқан. Мәселен, көршілес Қарағай ауылы да алкогольді ішімдіктерден үш жыл бұрын бас тартқан. Ауданның прокуроры Кенжебек Қожахметов алкогольден бас тартқаннан бері бұл ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмегенін айтты.

Еңбек ауылында осындағы «Бай Еңбек» ЖШС бастауыш мектеп салуды да қолға алыпты. Сол үшін кәсіпорынның басшысы Қайырбек Қожасов 350 млн теңге бөлгенін айтты. Осы ауылға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Ғауез Нұрмұхаметов лайықты бастамаларды қолдап, тұрғындармен кездескенде олардың сәтті іске асырылуын тілейтінін айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы