• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 10:50

Абай облысында жер сілкінісі тіркелді

20 рет
көрсетілді

2025 жылғы 23 маусымда Абай облысында магнитудасы 4.0 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Ұлттық деректер орталығы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес 2025 жыл 23 маусымда Астана уақыты бойынша 01 сағ. 23 мин. (22 маусым Гринвич бойынша 20 сағ. 23 мин.) Абай облысында, Ұржар қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: 47.19 градус солтүстік ендік, 81.22 градус шығыс бойлық. Магнитудасы mb=4,0. Энергетикалық класс К=9.70», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жер сілкінісі Алматыдан 279 шақырым қашықтықта болғаны жөнінде де ақпарат тараған еді.