• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:26

Астана маңында апатқа ұшыраған ұшақ кімге тиесілі

40 рет
көрсетілді

Астана маңындағы Жоламан аэродромында апатқа ұшыраған жеңіл моторлы ұшақ «Авиациялық оқу орталығының» меншігі емес. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу орталығының мәліметінше, UP LA 161 үлгісіндегі әуе кемесі оларға тиесілі емес, тек сақтау үшін аэродром аумағында орналасқан. Ұшақтың нақты иесі — А.К. Касенов есімді жеке тұлға.

«Апатқа ұшыраған ұшақ біздің балансымызда жоқ және оны орталық ешқашан пайдаланбаған. Ол тек келісім бойынша біздің алаңда сақтаулы тұрған», делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, ұшу пилоттың жеке шешімімен жүзеге асқан. Ол рейске дайындықты, брифинг пен өтінім рәсімін өзі жүргізген, ал бұл ұшу оқу орталығының оқу процесіне ешқандай қатысы болмаған.

Ұшақта болған екінші адам орталықтың қызметкері болған. Алайда, ол бұл рейске қызметтік тапсырмамен емес, жеке бастамасымен қатысқаны хабарланды.

«Ұшу ұшақ иесінің бастамасымен жүзеге асырылды және біздің компанияның операциялық қызметіне қатысы жоқ. Қаза тапқандардың жақындарына қайғырып, шын жүректен көңіл айтамыз», деді орталық өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 22 маусым күні оқу-жаттығу мақсатында жасалған рейс кезінде болған. Ұшақтағы екі адамның екеуі де оқиға орнында қаза тапқан. Қазір Көлік министрлігі арнайы комиссия құрып, апаттың себептерін анықтап жатыр.