Көркем гимнастика: Софияда (Болгария) юниорлар арасындағы әлем чемпионатында Ақмарал Ерекешева тарихи жетістікке қол жеткізді. Ол доп және лента жаттығуларында алтын, шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алды.
Семсерлесу: Индонезияның Бали қаласында Азия чемпионатында отандастарымыз 1 күміс және 1 қола жүлде еншіледі.
Спорттық гимнастика: Challenge Cup (Өзбекстан) жарысында ұлттық құраманың үш спортшысы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Байдарка және каноэмен ескек есу: Таиландтың Районг қаласында өткен Азия чемпионатында (U23) ұлттық құрама 6 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есеп бойынша 2 орын алды.
Күрес: Вьетнамның Вунгтау қаласында 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия бәсекесінде балуандарымыз 6 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль олжалады.
Жағажай волейболы: Таиландтың Ройет қаласында жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Бұл – ел тарихындағы жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын.
Садақ ату: Сингапурдегі Азия кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды.
Теннис: Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол әлемнің 11-ракеткасы ресейлік Даниил Медведевті жеңді.Сондай-ақ Зарина Диас Испанияда ITF W35 турнирінде топ жарды.