• RUB:
    6.65
  • USD:
    521.57
  • EUR:
    601.01
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:07

Бүгін – Мемлекеттік қызметкерлер күні

30 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанда ресми кәсіби мерекелердің бірі – Мемлекеттік қызметкерлер күні. Бұл дата 2013 жылы 23 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген болатын, деп жазады Egemen.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2002 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясында 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы қабылданды. Ұйымға мүше мемлекеттерді бұл күнді әр елде белгілеуге шақырған. 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бұл күн халықаралық мереке мәртебесіне ие болды. 

Қазақстанда мемлекеттік қызмет саласы – қоғамдық тәртіпті, басқару жүйесін және азаматтарға қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін маңызды құрылым. Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет жүйесі бірқатар құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Президент әкімшілігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кадрлық тұрақтылық, ашықтық және меритократия қағидаттарын күшейту бағытында жұмыстар жүргізіп келеді. Мемлекеттік қызметке кіру рәсімдері жеңілдеп, конкурстық жүйе арқылы мамандар іріктеле бастады.

Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – Президенттік жастар кадр резерві. 2019 жылдан бері іске асып келе жатқан бұл жобаға 50 мыңнан астам жас маман өтініш білдірсе, солардың ішінен жүздеген үміткер іріктеліп, мемлекеттік басқару жүйесіне тартылған.