• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Білім Кеше

Отандық оқушылар Балқан олимпиадасында ел намысын қорғайды

30 рет
көрсетілді

24–29 маусым аралығында Солтүстік Македонияның Струга қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Балқан математика олимпиадасы (JBMO) өтеді. Аталған додаға 20-дан астам елдің өкілдері қатысады, олардың қатарында Қазақстаннан барған ұлттық құрама да бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл еліміздің атынан халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздарынан жасақталған 6 оқушы қатысады. Олар:

Нұртай Мәлік (9-сынып, «Білім-инновация» лицейі, Ақтөбе); Ануар Ағыбаев (9-сынып, Nurorda, Алматы); Александр Олейников (9-сынып, Nurorda, Алматы); Жәңгір Булат (8-сынып, РФМШ, Алматы); Батырхан Бейганов (9-сынып, РФМШ, Алматы); Мирас Кенесбек (9-сынып, «Білім-инновация», Қарағанды).

Құрама жетекшілері – Сергей Полянских пен Перизат Саутбекова.

«Қазақстан географиялық тұрғыдан Балқан елдеріне кірмегенімен, 2004 жылдан бері JBMO-ға тұрақты түрде қонақ ел ретінде қатысып келеді. Бұл елдің математика саласындағы дарынды оқушыларын халықаралық деңгейде танытуға үлкен мүмкіндік береді», деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өткен жылы Түркияның Анталья қаласында өткен олимпиадада қазақстандық команда 6 жүлде, атап айтсақ, 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль еншілеген болатын.