• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.26
  • EUR:
    602.13
Басты сайтқа өту
Қылмыс Кеше

Түркістан облысында 317 интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді

30 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Жасұлан Тастемірдің мәлімдеуінше, арнайы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 13 күдікті қамауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі таңда құрықталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық топтың республика көлемінде 200-ден астам қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Жедел уәкілдің айтуынша, полиция департаменті және Халықаралық қазақ-түрік университеті арасында жасалған меморандум аясында полиция қызметкерлері мен студенттер бірлесіп, жыл басынан «Кибернадзор» жүйесі арқылы 2 060 құқыққа қайшы контенттер бұғатталған.