• RUB:
    6.61
  • USD:
    518.5
  • EUR:
    601.62
Басты сайтқа өту
Президент Кеше

Мемлекет басшысы Словения Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

20 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», делінген жеделхатта.