Журналистер мерекесі қарсаңында Ұлытау облысында өңір басшысының бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған «ŪLAR» сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтап, аймақтың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, мемлекеттік-ақпараттық саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін БАҚ өкілдерін марапаттады.
Ұлытау облыстық телеарна ардагері Шамхан Рахметов ҚР «Құрмет» орденімен, «Жаңаарқа» газетінің бас редакторы Салтанат Ералина «Ерен еңбегі үшін» медалімен, облыстық «Ұлытау» телерадиокорпорациясының режиссері Аманкүл Арымбекова «Еңбек ардагері» медалімен, «Жезказганский вестник» газетінің тілшісі Валентина Одинцова, «Ұлытау» газеті бас редакторының орынбасары Қайрат Жұмабаев, «Шарайна» газетінің жауапты хатшысы Мейрамкүл Алпысбаева «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталады. «Қазыналы өңір» газетінің техникалық редакторы Айгүл Сағынтайқызы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен, «Сарыарқа» газеті бас редакторының орынбасары Меруерт Тұяққызы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бірқатар БАҚ өкіліне Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.
Сонымен қатар «Шарайна» газетінің дизайнері Мадина Төлегенқызы, Ұлытау ауданы, Ұлытау газетінің іс қағаз жүргізушісі Айгүл Өтеубайқызы, Ұлытау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Еркеназ Ғалижанқызы, «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Юлия Пулина Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Осыған дейін облыстағы журналистер арасында үздіктерді анықтау және оларды көтермелеу мақсатында арнайы «Ular» сыйлығы тағайындалып, БАҚ қызметкерлері арасында байқау жарияланған болатын.
«Ular» сыйлығы бірнеше аталымдардан тұрады. «Мамандыққа адалдығы үшін» аталымын «Подробности» газетінің директоры Барбутько Нина Андреевна, «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» аталымын «Ulytau» облыстық телеарнасының тілшісі Мұқағали Сейітқазы, «Экономика тақырыбын үздік жарияланы үшін» «Мысты өңір» газетінің тілшісі Әлібек Әбдірашев, «Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» аталымын «Ақшам» телеарнасының тілшісі Наргиз Жанабекова, «Шаңырақ» аталымын «Saryarqa» газетінің бас редакторы Жаннұр Төлендіқызы, «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» аталымын Қазақстан журналистер одағының Ұлытау облысы бойынша филиалының атқарушы хатшысы Изтөлеу Түсіпов, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материал» аталымын «Жезказганский вестник» газетінің бас редакторы Эльвира Алпанбаева, «Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін» аталымын «Қазыналы өңір» газетінің тілшісі Гаухар Наурызбаева, «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» аталымын «Жаңаарқа» газеті редакциясының бас редакторы Салтанат Ералина, «Заң мен тәртіп» аталымын Сәтбаев қалалық «Шарайна» газеті редакциясының тілшісі Марал Шахаева, «Мәнер мен атқарымдылық үшін» аталымын «Ұлытау тв» телеарнасының бас операторы Думан Жәнібекұлы мен «Аймақ ақшамы» газетінің дизайнері Венера Шалабайқызы жеңіп алды. Жүлдегерлердің барлығына 500000 теңге ақшалай сыйақы, диплом және мүсінше тарту етілді.
Ұлытау облысы әкімінің «Ұлытау облысы журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы 1000 000 теңге ақшалай сыйақыны Ұлытау облысының әкімі Дастан Адайұлы зейнеткерлікке шықса да қаламдары қолынан түспеген қос ардагер - Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Мысты өңір» газетінің журналисі Шахмұрат Ибадатов пен «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның құрметті журналисі, «Ұлытау» газетінің тілшісі Мағзұмбек Машайықұлына табыстады.
Ұлытау облысы