Норвегияның ауылдық аймақтарында, әсіресе шаруашылық фермалар жанында ерекше дүкендер бар. Ерекшелігі сол, мұнда сатушы деген атымен болмайды.
Норвегиялықтар бұл мәдениетті «tillit» деп атап кеткен. Бұл сөз «сенім» деген мағынаны білдіреді. Өйткені дүкенге келген сатып алушы өзі қалаған затын таңдап, құнын кәдімгі калькулятормен есептейді. Содан соң ақшаны арнайы жәшікке салып, есіктен шығып кете береді. Мұндай жүйе – жергілікті халықтың бір-біріне деген селкеусіз сенімінің айқын көрінісі.