• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Үкімет Кеше

Экономика 6%-ға өсті, енді оны сақтау маңызды - Бектенов

40 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы елдің экономикалық дамуы туралы баяндады. Үкімет басшысы еліміздің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) өсімі 6%-ды құрағанын және бұл оң қарқынның сақталуы маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бектеновтың айтуынша, негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 18%-ға ұлғайған. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктердің бизнеске несие беру көлемі де артып, өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көбейген.

Экономиканың негізгі қозғаушы салалары ретінде құрылыс (15%-дан астам), көлік және қоймалау (23%), өңдеу өнеркәсібі (6%) және сауда (шамамен 8%) аталды.

«Бұл қазіргі уақытта қарқынды өсуді қамтамасыз ететін негізгі салалар. Ендігі басты міндетіміз – осы қарқындар мен көрсеткіштерді сақтау және одан әрі арттыру», деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, Үкімет даму бюджетін күшейту және салық реформасын жүргізу арқылы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл ұзақмерзімді әрі орнықты өсімге жол ашуы тиіс.

Сонымен қатар Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында нарық конъюнктурасын көрсетпейтін бағаларды реттеуге байланысты сала ұзақ уақыт бойы инвестиция үшін тартымсыз болып келгенін атап өтті. Еркін бағаға көшкеннен кейін жағдай өзгеріп жатыр.

«Салалар бойынша ЖЖМ нарығын ырықтандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар оң нәтиже беруде. ЖЖМ бағасы ұзақ уақыт бойы реттелгендіктен және нақты нарықтық жағдайды іс жүзінде көрсетпегендіктен, Үкімет бағаны ырықтандыруға көшті және біз бұл жұмыс қазірдің өзінде өз нәтижесін беріп жатқанын көріп отырмыз. Инвестициялар осы салаға қайта бастады. Себебі бұрын сала инвестиция үшін тартымсыз болатын. Қазір жеке бизнес мемлекеттің бағаны ырықтандыруын және аталған саланың инвестициялық тартымдылығы артып келе жатқанын көріп отыр», деді Олжас Бектенов.

 

Соңғы жаңалықтар