• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Ұлытау облысы «Іскерлік климат» рейтингінде жоғары нәтижеге қол жеткізді

40 рет
көрсетілді

2025 жылдың І тоқсаны бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізетін «Іскерлік климат» рейтингінде Ұлытау облысы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылық позициясын нығайтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазған қаласы әкімдігінің хабарлауынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша да үздік нәтижелер көрсеткен өңір биыл өз жетістіктерін одан әрі арттыра түскен. Бұл облыста кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат пен қолдау шараларының тиімді жүзеге асып жатқанын айқын дәлелдейді.

«Атап айтқанда, шағын бизнесті дамыту және мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі бойынша 1-орынға ие болды. Сондай – ақ мемлекеттік органдармен мәселелерді шешудің «бейресми тәсілдеріне» салыстырмалы түрде төмен тәуелділігін көрсетеді», делінген хабарламада. 

Орта бизнесті дамытуда да айтарлықтай серпіліс бар. Егер 2024 жылы облыс бұл көрсеткіш бойынша 15-орында болса, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 8-орынға көтерілген. Бұл жетістік өңірдегі кәсіпкерлік инфрақұрылымның нығайып, орта кәсіп иелеріне қолайлы орта қалыптасып жатқанын көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар