25 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы Ильичевка ауылында төтенше жағдай орын алып, 9 адам зардап шекті, деп жазады Egemen.kz.
«Тайынша-Май» кәсіпорнының аумағында газ тасымалдайтын «VOLVO» көлігінің газ құю шлангасы жарылып, жарылыс болған.
Соның салдарынан 9 адам жарақат алып, сегізі қазір ауруханаға жеткізілді. Газ тасымалдаушы көлік те жанып кетті. Төтенше оқиғаны сол жерде болған адамдар фотоға түсіріп алған. Оттан денелерінің бірқатар жерлері күйген адамдар аудандық ауруханаға орналастырылған. Қазір өрттің болу себебі мен кінәлілер анықталуда.
Солтүстік Қазақстан облысы