• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Үкімет Бүгін, 09:10

Еуразиялық даму банкі кеңесінің басқосуы

20 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Қаржылық ұйымның былтырғы жұмысы қорытындыланып, алда атқарылар өзекті мәселелер қаралды.

Отырыста ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов 2022–2026 жылдарға арналған стратегияның негізгі көрсет­кіштері туралы баяндады. 2024 жылдың қорытындысында жинақ­талған инвестициялық портфель 16,5 млрд доллар дең­гейіне жетті, инвестиция­лар көлемі өткен жылмен салыс­тыр­ғанда 700 млн долларға ұлға­йып, 2,4 млрд доллар болды.  Орнық­ты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі бар жобалардың үлесі 30%-дан асты, бұл нысаналы көрсеткіштерден екі есе көп. ЕАДБ техникалық қолдаудың жобалық портфелін айтарлықтай ұлғайтты. Былтыр бұл көрсеткіш 76%-ға өсіп, тарихи ең жоғары деңгейге жетті.

Басқарманың жылдық есебі­не сәйкес банктің Қазақстан­дағы инвестициялық портфелі 7,2 млрд долларға жетті, оған 116 жоба, оның ішінде құны  2,9 доллар млрд 43 жоба бар. Сон­дай-ақ Армения, Қырғызстан және Тәжікстандағы бастамаларына инвестициялардың өсуі де тілге тиек етілді. Биыл ЕАДБ-ның жинақталған портфелінде барлығы 305 жоба бар.

Бірінші жартыжылдық­тың қорытындысында  биылға арнал­ған инвестициялар жоспар  орындалып, 2,1 млрд долларды құрады. Дайындыққа баса мән берілген жобалардың әлеуетті көлемі 4 млрд доллардан асады.

ЕАДБ құру туралы келісімге Өзбекстан ресми түрде қосылды. Отырыс барысында Өзбек­­станның инвестициялар, өнер­кәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов банкпен белсенді өзара іс-қимылға дайын екенін жеткізді.

Отырыс қорытындысында  ұйым­дастырушылық әрі  қаржы­лық сипаттағы шешімдер қабыл­данды. Кеңес мүшелерінің ұсы­ны­сы­мен Премьер-министр Олжас Бектенов ЕАДБ Кеңесінің төр­аға­сы болып сайланды. Төр­аға­ның орынбасары болып Қар­жы ми­нистрі Мәди Такиев тағайындалды.

Еуразиялық даму банкі — еура­зия­лық кеңістікте инвес­ти­циялық қызметті жүзеге асыра­тын көпжақты даму банкі. ЕАДБ портфеліндегі негізгі үлесі көлік инф­рақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен машина жасау салаларындағы интеграциялық жобаларға арналады. Банк БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттарын және ESG қағидаттарын басшылыққа алады. ЕАДБ 2022–2026 стратегия­сы шеңберінде «Орталық Азия­ның су-энергетикалық кешені», «Еура­зияның көлік негізі», «Еуразиялық тауар өткізу желісі» сынды 3 мегажобаны жүзеге асырады.