Орталық Азия елдеріне жұмыс сапары аясында Қазақстанға Халықаралық мотоцикл федерациясының (FIM, Швейцария) Ұлттық федерациялармен байланыс жөніндегі директоры Нита Корхонен келді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен Қазақстан автомотоспорт федерациясының басшылығы кездесу барысында спидвей мен мотокросты дамыту, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау мәселесі талқыланды.
Сапар аясында Нита Корхонен Астана қаласының Теміржолшылар кентінде орналасқан «Гавриленко» мотокросс мектебінің жұмысымен танысып, жас спортшылармен жүздесті.
Нұрпейіс ҚОНЫСБАЙ