• RUB:
    6.63
  • USD:
    520.39
  • EUR:
    609.58
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Флюороскоп деген немене?

30 рет
көрсетілді

Бүгінде дүкенге барып аяқ киімді киіп көру қарапайым әрекет. Алайда бір ғасыр бұрын, 1920-жылдары бұл үдеріске ғылыми техника араласқан. АҚШ пен Еуропадағы кейбір аяқ киім дүкендерінде сатып алушылар аяқ киім таңдап жатқанда… рентгендік тексеруден өтетін, деп жазады Egemen.kz.

 

Дүкендерде арнайы орнатылған флюороскоп деп аталатын құрылғы аяқ киімді аяққа киген қалпында рентген арқылы сүйек құрылымын экранда көрсетуге мүмкіндік беретін. Бұл сатып алушыға ғана емес, сатушыға да қолайлы болатын. Өйткені аяқ киімнің табанға қалай орныққаны, сүйектерге қысым түсіп-түспейтіні бірден анықталатын. Тіпті балаларға да осы әдіс жиі қолданылған, яғни ата-аналар аяқ киімнің нақты сай келетінін рентген арқылы қарап барып сатып алатын.

Алайда ол кезеңде радиацияның денсаулыққа ұзақмерзімді зияны туралы ғылыми дәлелдер аз еді. Сондай-ақ қауіпсіздік нормалары, сәуленің шекті дозасы туралы ережелер мүлдем қалыптаспаған. Бұдан бөлек құрылғылар ешқандай қорғаныссыз қолданылған, ал сатушылар күн сайын бірнеше сағат бойы флюороскоп жанында тұратын.

Тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана ғалымдар бұл тәжірибенің қауіпті жағын байқай бастады. Рентген сәулесімен артық әсерлену ­­– сәулелік зақым, тері аурулары, тіпті онкологиялық қатерге әкелуі мүмкін екені белгілі болды.

Сол кезден бастап флюороскоптар дүкендерден алына бастады. Дегенмен кей елдерде бұл құрылғылар 1970-жылдарға дейін қолданылып келген.