• RUB:
    6.62
  • USD:
    519.29
  • EUR:
    613.28
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 15:31

Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтады

20 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.