• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Саясат 02 Шілде, 2025

Іскерлік байланыс орнатылды

100 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының компаниялары Қытайда өз кеңсесін тегін ашады. Бұл екі ел кәсіпкерлері арасындағы іскерлік қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді.

Бұл жаңалықты облыс әкі­мі­нің баспасөз қызметі хабарла­ды. Жақында Қытай Халық Рес­пуб­­ликасына жұмыс сапарымен барып қайтқан өңір басшысы Нари­ман Төреғалиев Цзянсу провин­циясының ірі өндірістік және сау­да конгломераттарының бірі — «Jiangsu SOHO Holding Group» мемлекеттік корпорациясы­­ның басшылығымен кездесу өткіз­ген. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударатын Қазақстан мен Қытай ара­сындағы өңіраралық байланысты нығайту аясында өткен. Президент екі ел ара­сын­дағы стратегия­лық серік­тес­­тікті тереңдетудің маңыз­ды құ­ра­лы ретінде өңірлердің тіке­лей ынты­мақтастығын дамы­­ту қажет­тігін үнемі айтып жүргені мәлім.

«Jiangsu SOHO Holding Group» компаниясы 380-нен астам кәсіп­орынды біріктіріп, халық­аралық сауда, логистика, тоқыма өнер­кәсібі, «ақылды» өндіріс және қар­жыландыру саласында ауқым­ды жобаларды жүзеге асы­рады. Компанияның сыртқы эко­но­ми­калық операцияларының жыл­дық көлемі 11 миллиард доллардан асады, географиясы 160-тан астам елді қамтиды.

Кездесу барысында тараптар екі­жақты ынтымақтастық мүмкінді­гін талқылап, БҚО өнімдерін SOHO сауда алаңдарына жеткізу, «Қы­тай – Орталық Азия – Еуропа» ба­ғы­ты бойынша логистикалық торап­­­тар­ды Қазақстанда орналастыру ­және Қытайдың ауыл шаруашылы­ғы өнім­дерін қайта өңдеуге және сақтау, өткізу инфрақұрылы­­­мын дамы­туға қатысу жөнінде мәсе­ле­лер­­ді талқылаған. Сондай-ақ SOHO-ның Азия, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріндегі көтерме және бөлшек сауда арналары же­лісі арқы­лы Батыс Қазақстан облысы өнім­дерінің экспортын ілгерілету бас­та­масы ерекше қызығушы­лық ту­дырды. Компания басшылығы об­лы­с­тың бизнес өкіл­деріне тегін кеңсе бөлмесін беруге дайын екенін білдірді. Келіссөз қорытындысында инвестициялық ұсыныстарды да­йындау үшін екі тарап әр сала бо­йынша қосымша кеңес өткізуге уағдаласты.

«Jiangsu SOHO Holding Group» сияқты жоғары технологиялық ­және халықаралық нарыққа бағыт­тал­­­ған серіктестермен ын­тымақ­тас­­тық­­­ты одан әрі тереңдету елі­міздің ­Қытай мен Еуразия елдері ара­сын­дағы сенімді экономика­лық көпір ретіндегі ұстаны­мын нығай­туға септігін тигізеді», дейді Н.Төреғалиев.

 

Батыс Қазақстан облысы