• RUB:
    6.6
  • USD:
    518.37
  • EUR:
    609.97
Басты сайтқа өту
Мектеп Кеше

Педагогикалық курстар жазғы кезеңде жалғасады

50 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған курстар жалғасып, шілде-тамыз айларында еліміз бойынша 11 мыңнан астам педагог білім алады деп жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Жыл басталғалы осындай курстардан 31 мыңнан астам мұғалім өтті, ауыл мектептері педагогтерінің үлесі жалпы санның 56 пайызын құраған.

Сала министрлігінің мәліметінше, бағдарламалар – бастауыш сынып мұғалімдерінен бастап қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық пәндер педагогтеріне дейін қамтиды, бір бөлігі инклюзивті білім беру, көшбасшылық, инновациялар мен цифрлық сауаттылық бойынша курстарды таңдаған.