• RUB:
    6.61
  • USD:
    519.57
  • EUR:
    612.78
Басты сайтқа өту
Бокс Бүгін, 09:43

Бүгін жеті қазақстандық боксшы ширек финалда жұдырықтасады

10 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жеті қазақстандық боксшы ширек финалдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі сессияның тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады, ал кешкі сессия сағат 19:00-де басталады. Бокс жекпе-жектерін тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі:

Күндізгі сессия

3-жұп (А рингі). Әйелдер. 70 кг. Наталья Богданова — Барбара Мария дос Сантос (Бразилия)

5-жұп (В рингі). Ерлер. 60 кг. Серік Теміржанов — Сүнсүкэ Китамото (Жапония)

10-жұп (А рингі). Ерлер. 80 кг. Нұрбек Оралбай — Лакшья Чахар (Үндістан)

Кешкі сессия

2-жұп (В рингі). Әйелдер. 57 кг. Айдана Забынбекова — Алисса Мендоса (АҚШ)

3-жұп (В рингі). Ерлер. 55 кг. Махмұд Сабырхан — Аарон Джуд Бадо (Филиппин)

6-жұп (В рингі). Ерлер. 75 кг. Сабыржан Аққалдықов — Джошуа Офори (Канада)

8-жұп (А рингі). Ерлер. 90+ кг. Айбек Оралбай — Диего Ленци (Италия)